«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 323 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29767 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы:
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Орыс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес);»;
22-1) тармақша алып тасталсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;»;
23-1) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптарына арналған «Неміс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;»;
24-1) тармақша алып тасталсын;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4-сыныптарына арналған «Француз тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;»;
25-1) тармақша алып тасталсын;
32) тармақша алып тасталсын;
22-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
22-1-қосымша алып тасталсын;
23-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
23-1-қосымша алып тасталсын;
24-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;