Салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 153 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен өткен кадрлар даярлау мәселелері жөніндегі кеңестің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 21-05/05-3205 хаттамасын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобы (бұдан әрі - Жобалау тобы) құрылсын.
2. Жобалау тобы:
1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуді/өзектендіруді қамтамасыз ету талап етілетін кәсіптер тізбесін айқындасын;
2) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлесін;
3) кәсіби стандарттарды әзірлесін/өзектендірсін;
4) ұйымдарда кәсіби стандарттардың қолданылуын сынақтан өткізсін және талдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 153 бұйрығына қосымша
Салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды
әзірлеу жөніндегі жобалау тобының құрамы
| Айдарбек Сейпілұлы Сапаров | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, жобалау тобының жетекшісі |
| Сәуле Сұндатпайқызы Молдабаева | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, жобалау тобы жетекшісінің орынбасары |
| Гүлнәр Бисұлтанқызы Бижігітова | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу басқармасының басшысы |