Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығы
(2026.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Өзгерістер енгізу туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 140 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап күшіне енеді)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.20.08. № 342 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.16.03. № 218 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.20.08. № 342 бұйрығымен (2025 ж. 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.31.03. № 140 бұйрығымен (2026 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 75) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.20.08. № 342 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Мына: