«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/348 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/292 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № а-4/189 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/348 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4960 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 11 қыркүйегінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталмыш қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Қ. Отаров |
Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 маусымдағы
№ А-7/292 қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 шілдедегі
№ А-8/348 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау»