Осы редакция 2018 жылғы 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
2-қосымша
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және
өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018.30.05. № 44/қе бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018.30.05. № 44/қе бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018.30.05. № 44/қе бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап:
лицензияны беру - 15 жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру - 2 жұмыс күні.