Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 «Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-6 шешімі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 «Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
1-бөлім мынадай мазмұндағы отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші жолдармен толықтырылсын:
| 35 | Миастения | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Преднизолон үлбірлі қабықпен қапталған таблеткасы, Азатиоприн үлбірлі қабықпен қапталған таблеткасы |
| 36 | Н факторына антиденелермен байланысты атипті гемолитикалық-уремиялық синдром | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Экулизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат | | |