Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-2 шешімі
(2022.11.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 17 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 3 маусымда № 18771 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022.11.02. № 9-9 шешімімен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 30-2 шешімімен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер