Көкшетау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 наурыздағы № С-35/4 шешімі
(2023.08.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022.23.12. № С-25/9 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022.23.12. № С-25/9 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022.23.12. № С-25/9 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көкшетау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алудың тәртібі және мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022.23.12. № С-25/9 шешімімен алып тасталды (2023 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 35-ші кезекті сессиясының төрағасы | А. Аузаров |