Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 220/21 «Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 183/14 шешімі
Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 134/14 шешімімен күші жойылды
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 14 наурыздағы № 220/21 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 болып тіркелген) келесі өзгірістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2), 4-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 235 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімінің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат хатшысы | Е. Айткенов |
Павлодар облыстық мәслихаты
2022 жылғы 8 тамыздағы
№ 183/14 шешіміне қосымша
Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер