Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы
(2018.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016.11.03. № 194 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016.11.03. № 194 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.20.09. № 568 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.28.12. № 657 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.16.11. № 634 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 391 бұйрығымен