2016 жылы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 212 бұйрығы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету сапасын бағалау және жалпы орта білім беру ұйымдары білім алушыларының негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) 2016 жылғы 4-22 сәуірде өткізілсін.
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу үшін оқу орындарының тізімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу үшін пәндердің тізімі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өкілдерінің тізімі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу үшін Министрлік программисттерінің тізімі бекітілсін.
3. Министрлік өкілдері:
1) орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша басшылық пен бақылауды жүзеге асырсын;
2) орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны белгіленген тәртіппен өткізуді қамтамасыз етсін;
3) 2016 жылғы 27 сәуірге дейін орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу қорытындылары туралы есепті Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) ұсынсын.
4. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО) (Қ. Әбдиев):
1) Министрлік өкілдерінің іссапар шығыстарын 099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының шеңберінде төлеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықта белгіленген мерзімде ОЖСБ рәсімін ұйымдық-технологиялық алып жүруді қамтамасыз етсін;