Көкшетау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 45 шешімі
(2024.19.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында сайлау учаскелері құрылсын.
2. «Көкшетау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» Көкшетау қаласы әкімінің 2020 жылғы 29 мамырда № 52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7867 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы С.К. Құдабайға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық аймақтық
сайлау комиссиясымен
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2022.29.12. № 97 шешімімен (2023 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2024.20.03. № 11 шешімімен (2024 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда; Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2024.06.08. № 25 шешімімен қосымша өзгертілді (2024 ж. 19 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің
2021 жылғы 12 шілдедегі
№ 45 шешіміне
қосымша
Көкшетау қаласында сайлау учаскелері
№ 1 сайлау учаскесі
Орналасқан орны: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Краснояр ауылдық округі, Красный Яр ауылы, Тәуелсіздік көшесі 3, Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы «Көкше» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.