Введите номер документа
Прайс-лист

«Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 3/388 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 13 августа 2018
Статус
Утратил силу
утратил силу с 26 сентября 2020

«Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 3/388 Қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 3/353 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 4/646 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1239 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

4 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілінің) Стандарттың 9 және 9-1 тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.»;

аталған қаулымен бекітілген «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Републикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами