Осы редакция 2019 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 162 қаулысымен
бекітілген
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. »Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 166/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.elicense.kz, www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі - куәлік) немесе стандарқа сәйкес жазбаша уәжді түрде бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық нысан.
Куәлiктi қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен куәландырылады.
4. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.