2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 157 шешімі
(2018.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылорда облыстық мәслихатының 2018.12.02. № 176 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.29.03. № 186 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 182 250 314,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 17 300 995,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 288 363,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 300,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 163 652 655,7 мың теңге;
2) шығындар - 178 356 854,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 089 548,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 10 610 667,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 9 521 119,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 4 831 589,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 4 831 589,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 027 677,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 027 677,5 мың теңге.
2. 2018 жылға арналған аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:
1) 101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша бюджеттерінен:
Арал ауданы - 37,85%;
Қазалы ауданы - 38,86%;
Қармақшы ауданы - 50%;
Жалағаш ауданы - 50%;