Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/3-VIII шешімі
(2024.07.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Алтай ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алтай ауданының мәслихат төрағасы | Л. Гречушникова |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Шығыс Қазақстан облысының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Мусинова
___________ 2023 жыл
Алтай ауданының мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 9/3-VIII шешіміне
1- қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер