Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-2 «Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 17-3 шешімі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 13-2 шешімімен күші жойылды
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-2 «Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5865 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Б. Қонысбаева |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 17-3 шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 30-2 шешімімен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру
қағидалары
1.Жалпы ережелер
1. Осы Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.