«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 76 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 256 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5334 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 18 қарашадағы
№ 256 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы 4 сәуірдегі
№ 76 қаулысына
қосымша
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің
тізбесі
| № | Cу айдыны және (немесе) учаскесі | Ауданы, гектар | Орналасқан жері | Балық шаруашылығының түрі |
| Айыртау ауданы |
| 1 | Ақанбұрлық өзені саласындағы тоған | 18 | Төменгі Бұрлық ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 2 километр | Кәсіпшілік балық аулау |