Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VII «Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 3 тамыздағы № 43-VIII шешімі
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VII «Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4899 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімінің 1 және 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерінде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдау белгілеу арқылы медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі айқындалсын.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | М. Хайруллиев |
Атырау облыстық мәслихатының
2023 жылғы 3 тамыздағы
№ 43-VIII шешіміне қосымша
Атырау облыстық мәслихатының
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 31-VII шешімімен бекітілген