Аягөз ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 13/246-VIII шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Аягөз ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
| Аягөз аудандық мәслихатының төрағасы | А. Ибрайшин |
Аягөз аудандық мәслихатының
2024 жылғы 30 сәуірдегі
№13/246-VIIІ шешімімен
бекітілген
Аягөз ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аягөз ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;