Абай облысы Көкпекті ауданының елді мекендегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 343 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Абай облысы Көкпекті ауданының елді мекендегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
2. «Көкпекті ауданының елді мекендегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 329 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7646 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. «Абай облысы Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;