Введите номер документа
Прайс-лист

«Республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 11 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 23 января 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 23 января 2025
Дата последнего изменениячетверг, 23 января 2025

Республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 11 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының 59, 63 және 83-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Комиссия:

1) 2025 жылғы 25 мамырға дейін республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушылары, ата-аналары мен педагогтері арасында 2024 - 2025 оқу жылында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

2) 2024-2025 оқу жылында республикалық орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын;

3) республикалық орта білім беру ұйымдарының жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарасын;

4) апелляцияға келіп түскен өтініштердің негізділігін қарауды ұйымдастырсын және түпкілікті шешім қабылдасын.

3. Республикалық орта білім беру ұйымдарының директорлары (келісу бойынша) 2025 жылғы 10 маусымға дейінгі мерзімде жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын ұсынсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н.В. Жумадильдаева) жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Оқу-ағарту министрі

 

Ғ. Бейсембаев

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2025 жылғы 23 қаңтардағы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами