Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 45/02 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулыға қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2020 жылғы 20 шілдедегі
№ 45/02 қаулысына қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
тізімі
1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 8 қазандағы № 59/03 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3488 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 19 қарашадағы №168-169 (21919-21920) «Индустриальная Караганда» және 2015 жылғы 19 қарашадағы № 192-193 (22077) «Орталық Қазақстан» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қарашада жарияланған);