Введите номер документа
Прайс-лист

«Түркістан облысы Кентау қаласының Өнеркәсіптік аймағының аумағын төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 106-Ө бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 23 апреля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 23 апреля 2025
Дата последнего изменениясреда, 23 апреля 2025

Түркістан облысы Кентау қаласының Өнеркәсіптік аймағының аумағын төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялау туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 106-Ө бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 405-бабы 8-тармағының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Түркістан облысы Кентау қаласының Өнеркәсіптік аймағының 900 га аумағы төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялансын.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес:

1) төтенше экологиялық жағдай аймағының шекаралары;

2) төтенше экологиялық жағдай аймағын жариялау мерзімдері;

3) төтенше экологиялық жағдай аймағының құқықтық режимі;

4) тиісті аумақтағы қолайсыз экологиялық жағдайды тұрақтандыру және оның деңгейін төмендету жөніндегі шаралар не оларды әзірлеу қажеттігін нұсқау;

5) азаматтарды төтенше экологиялық жағдай салдарынан зардап шеккендер санатына жатқызу тәртібі және оларды әлеуметтік қорғау шаралары айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін оның күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами