Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 8/124-VII шешімі
(2024.19.10. берілген өзгерістермен)
Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2024.16.04. № 12/210-VIII шешімімен атауы жаңа редакцияда (2024 ж. 10 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2024.16.04. № 12/210-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 10 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1.Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Аягөз аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі № 49/414-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7339 болып тіркелген);