Медициналық және фармацевтикалық ғылымын дамытудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 502 бұйрығы
(2021.23.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ медицина және фармацевтика ғылымын дамытуды жетілдіру, денсаулық сақтау саласындағы қызметті үйлестіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми кеңесі құрамы құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Ғылыми кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтары жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021.23.11. № 748 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 12 тамыздағы
№ 502 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Ғылыми кеңесінің құрамы
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі - төраға |
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі - төрағаның орынбасары |