«Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 203 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 151 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12432 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын жеңілдік жағдайларында есептеудің кейбір мәселелері туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы бір ай қызметі бір жарым ай жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын бөліністер мен лауазымдар тізбесі;