Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын жеңілдік жағдайларында есептеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығы
(2019.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 151 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.15.03. № 203 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.17.06. № 546 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидалары 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.15.03. № 203 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2019.17.06. № 546 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы бір ай қызметі бір жарым ай жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын бөліністер мен лауазымдар тізбесі;