«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 823 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосымшаға сәйкес 96 530 279 000 (тоқсан алты миллиард бес жүз отыз миллион екі жүз жетпіс тоғыз мың) теңге көлемінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің «Алматы-Қорғас» автомобиль жолы учаскесіндегі «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы (бұдан әрі - жоба) бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.