Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 374 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 4 шілдедегі № 01/3 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2025 жылғы 14 шiлдедегi
№ 374 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі