Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығы
(2020.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020.01.07. № 50 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020.01.07. № 50 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет - ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 278 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9542 тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы