Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін, оның ішінде тегін дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы
Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 373/48-VIII шешімі
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі, оның ішінде тегін дәрілік заттар, мамандандырылған емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша тегін берілсін.
2. «Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 221/27-VIII;
«Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 221/27-VIII шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 294/37-VIII шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Т. Зейнұлқабден |
Астана қаласы мәслихатының
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 373/48-VIII шешіміне
қосымша