Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 «2024-2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 203 шешімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 152 987 784,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 102 235 678,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 927 904 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 891 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 48 933 202 мың теңге;
2) шығындар - 180 047 682,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 344 321 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 868 670 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 524 349 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 158 061,8 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 158 061,8 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 27 562 280,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 27 562 280,9 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi - 17 474 575 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 5 699 091 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 15 786 796,9 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімдегі 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімдегі 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы | А. Даржанова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2024 жылғы 19 тамыздағы
№ 203 шешіміне 1 қосымша
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2023 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 109 шешіміне 1 қосымша