Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 189 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы 20 тамыздағы
№ 189 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 133 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2711 болып тіркелген, 2015 жылдың 8 тамызында «Ақ Жол» газетінде жарияланған).