«GreenDorf» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 170 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «GreenDorf»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Томар ауылдық округі жерінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, жалпы көлемі- 8116,324 га; меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2026 жылдың 07 қыркүйекке дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Жер пайдаланушы- «GreenDorf» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.