2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 40-3 шешімі
(2019.23.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандагы Бюджет кодексінің 9-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019.27.03. № 43-7 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.24.04. № 44-4 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.06.05. № 45-3 шешімімен (бұр.ред.қара); Тараз қалалық мәслихатының 2019.24.07. № 47-4 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.11.09. № 48-5 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.23.10. № 50-3 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 67939376 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 9777127 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 132349 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 6424997 мың теңге;
трансферттер түсімі - 51604903 мың теңге;
2) шығындар - 69756539 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 7 618 750 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 7 618 750 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 2112551 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 2112551 теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -11548464 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 11548464 мың теңге:
қарыздар түсімі - 13 833 809 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3521028 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1235683 теңге.