Медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 253-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы 2022 жылғы 26 наурыздағы № 142 Ереженің 19 тармағына сәйкес, медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылсын (Бұдан әрі - Жұмыс тобы).
2. Жұмыс тобы осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 253-НҚ бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік саясатты іске асыру және медиация саласындағы қызметті
мемлекеттік реттеу жөніндегі жұмыс тобының
құрамы
| СҮЛЕЙМЕН Ләззат Жаңылысқызы | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің бұрынғы депутаты, жұмыс тобының басшысы |
| ҚАДЫРОВ Данияр Рамазанұлы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі, жұмыс тобы басшысының орынбасары |