Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппарат басшысының 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 - 2024 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 476 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Жоспарда көрсетілген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Аппарат басшысы | М. Оразаев |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
аппарат басшысының
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 10 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2022 жылға арналған операциялық жоспары
| № | Мақсаты | Жауапты басшы |
| 1-стратегиялық бағыт. АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау | БВМ, ВМ (03), ВМ (05) |
| 1.1. | Ауыл шаруашылығында өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру | БВМ, ВМ (03), ВМ (05) |
| 1.2. | Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру | БВМ |
| 1.3. | Жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру | ВМ (06) |
| II. Министрліктің ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар | БВМ, ВМ (03), ВМ (04), ВМ (05), ВМ (06) |
БВМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі;
ВМ (03) - қаржы құралдары және микрокредит беру, жобалық басқару мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
ВМ (04) - агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция, ветеринариялық бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі;