Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-66 шешімі
Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 27-169 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 8-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Жетісу облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері арттырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау (келісім бойынша) облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә. Жақанбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Г. Тойлыбаева |
Жетісу облыстық мәслихаты
2023 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 11-66 шешімге қосымша
Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| № реттік саны | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 20 | |
| 2. | Азот оксидтері (NOx) | 20 | |
| 3. | Шаң жәнекүл | 10 | |
| 4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 3986 | |
| 5. | Күкіртсутек | 124 | |
| 6. | Фенолдар | 332 | |
| 7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
| 8. | Формальдегид | 332 | |
| 9. | Көміртегі монооксиді | 0,32 | |
| 10. | Метан | 0,02 | |
| 11. | Күйе | 24 | |
| 12. | Темір тотықтары | 30 | |
| 13. | Аммиак | 24 | |
| 14. | Алты валентті хром | 798 | |
| 15. | Мыс тотықтары | 598 | |
| 16. | Бенз(а)пирен | | 996,6 |
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: