Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 159 бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 15 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
(2024.15.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ереже
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.18.11. № 329 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2-тармағының 26-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) архивтік құжат - қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
2) Ұлттық архив қорының құжаты - құжаттар құндылығының мемлекеттік сараптамасынан өткен, мемлекеттік есепке қойылған және тұрақты сақталуға жататын архивтік құжат.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.18.11. № 329 бұйрығымен (2022 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.28.06. № 275-НҚ бұйрығымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда