«Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63-8/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 261-37/1 шешімі
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63-8/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8449-11 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Кутухуджаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Қызылорда қалалық мәслихатының
2025 жылғы 22 сәуірдегі
№ 261-37/1 шешіміне қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 63-8/5 шешімімен бекітілген
Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер