2024-2026 жылдарға арналған Макинск қаласының бюджеті туралы
Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/3 шешімі
(2024.27.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 9-1 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-7 тармағына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2024.27.03. № 8С-17/2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. 2024-2026 жылдарға арналған Макинск қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 307385,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 280000,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 27385,0 мың теңге;
2) шығындар - 325142,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -17757,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 17757,1 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған Макинск қаласының бюджетінде аудандық бюджетке берілетін 105494,0 мың теңге сомасында бюджеттік алып қоюлар көзделгені ескерілсін.
3. Осы шешiм 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы | Н.Сексенов |
Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2024.27.03. № 8С-17/2 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Бұланды аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 8С-14/3 шешіміне
1 қосымша
2024 жылға арналған Макинск қаласының бюджеті
| Санаты | Атауы | Сома мың теңге |
| | Сыныбы |
| | | Кіші сыныбы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | I. Кірістер | 307385,0 |
| 1 | | | Салықтық түсімдер | 280000,0 |
| | 01 | | Табыс салығы | 179654,0 |
| | | 2 | Жеке табыс салығы | 179654,0 |