«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 841 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 25 қарашадағы
№ 841 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 173 қаулысымен
бекітілген
Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер
мөлшерлемелері
| | | 1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен) |