Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 304/7 «Шахтинск қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 318/9 шешімі
Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының «Шахтинск қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 304/7 болып шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Шахтинск қаласының бюджетітиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 9 634 846 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 2 334 764 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 78 861 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 61 041 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 7 160 180 мың теңге;
2) шығындар - 10 520 857 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 129 144 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 129 144 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті ) - - 1 015 155 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 1 015 155 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 1 015 155 мың теңге.
көрсетілген шешімнің 1, 7, 10, 11, 12 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2024 жылға арналған Шахтинск қалалық әкімдігінің резерві 49 493 мың теңге сомасында бекітілсін.».
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы | Ж. Мамерханова |
Шахтинск қалалық мәслихатының
2024 жылғы 27 наурыздағы
№ 318/9 шешіміне
1 қосымша