2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI шешімі
(2020.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020.13.03. № 36/410-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.06.04 № 37/420-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.22.04. № 38/424-VI шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 380 500 456,2 мың теңге:
салықтық түсімдер - 36 741 941,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 689 791,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 342 068 723,7 мың теңге;
2) шығындар - 399 023 890,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 40 255 513,3 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 54 426 547,8 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 14 171 034,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -
0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -58 778 947,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 58 778 947,1 мың теңге:
қарыздар түсімі - 72 695 702,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 14 042 850,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 126 095,1 мың теңге.