Астық қоймаларындағы астық мөлшерін бақылау әдісін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндет атқарушының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 114 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2024 жылғы 27 ақпандағы № 5-1-11/1568 хатында ұсынылған заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынымды орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда астық қоймаларындағы астық мөлшерін бақылау әдісін кайта қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. С. Сұлтановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің м.а. | А. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 114 бұйрығымен бекітілген
Астық қоймаларындағы астық мөлшерін бақылау әдісін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының
құрамы
| Азат Сиражидцинұлы Сұлтанов | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, жұмыс тобының басшысы |
| Мурат Саматұлы Іргебай | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры |
| Сұлтан Айхан | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті директорының орынбасары |
| Қарлығаш Әділханқызы Нұриханова | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы |
| Қайрат Мырзағалиұлы Тлеумағамбетов | - «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік коғамы ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің директоры (келісу бойынша) |