Алакөл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 21 қарашадағы № 400 Қаулысы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алакөл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 333 «Алакөл ауданы бойынша салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 149367 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алакөл ауданының әкімі | А. Абдинов |
Жетісу облысы
Алакөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 21 қарашадағы
№ 400 Қаулысына қосымша
Алакөл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
| № | Салық салу объектісінің орналасуы | Аймаққа бөлу коэффиценті |
| Ақжар ауылдық округі |
| 1 | Ақжар ауылы | 1,95 |
| 2 | Қоныр ауылы | 1,95 |
| 3 | Майлышат ауылы | 1,50 |
| Ақтүбек ауылдық округі |
| 4 | Ақтүбек ауылы | 1,95 |
| Арқарлы ауылдық округі |