Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiнiң 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) айқындалсын.
2. Абай облысының «Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімі | Н. Уранхаев |
Абай облысы әкімінің
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 32 қаулыға
1 қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі