Сайлау учаскелерін құру туралы
Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 8 шешімі
(2025.07.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Тараз қаласы бойынша сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Тараз қаласы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Сайлау учаскелерін құру туралы» Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5138-08 болып тіркелген);
2) «Сайлау учаскелерін құру туралы» Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5155-08 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Тараз қаласының әкімінің міндетін атқарушы | Қ. Исмаил |
«КЕЛІСІЛДІ»
Тараз қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің 2025.11.03. № 14 шешімімен (2025 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.23.04. № 21 шешімімен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Тараз қаласы әкімінің
2024 жылғы 7 тамыздағы
№ 8 шешіміне қосымша
Тараз қаласы бойынша сайлау учаскелері
№ 1 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесiнiң орталығы: Тараз қаласы, «Барысхан» алабы, Ботамойнақ көшесі 27, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 62 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесiнiң шекарасы: Тараз қаласы: «Қарасай» алабы:
Сырдария көшесінің үйлері,
Сырдария тұйық көшесінің үйлері,
Ақмолда тұйық көшесінің үйлері,
Арычный көшесінің үйлері,
Арычный тұйық көшесінің үйлері,