Осы редакция 2016 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 4/637 қаулысымен
бекітілген
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау ұйымдары арқылы (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Халыққа қызмет көрсету орталығында - диспансерлік есепте тұрғаны / тұрмағаны туралы анықтаманы беру;
денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны / тұрмағаны туралы анықтаманы беру.
Психиатр-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.